Тоталитарлық қуғын-сүргін – ұлт қасіреті
Кілт сөздер:
саяси қуғын-сүргін, құпия, аса құпия, отбасы, тоталитаризм, еңбекпен түзеу лагері, совет үкіметі, архив құжаттары, қылмыстық-тергеу ісі, халық жауыАңдатпа
Мақалада 1930–1950 жж. саяси қуғын-сүргін қасіреті ұзақ жылдар «құпия», «аса құпия» грифімен сақталып, зерттеушілер үшін жабық болған архив материалдарының негізінде зерделенген. Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін қасіретін ашуда сол заманның куәгерлерінің естеліктері де кеңінен пайдаланылған. Автор қуғын-сүргінге зиялы қауым өкілдері, шаруалар, партия қызметкерлері, әскерилер т.б. ұшырағанын айта отырып, қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдер тағдырын зерттеген. Архив құжаттарының негізінде «Отанын сатқан отбасының мүшесі» (ЧСИР) деген айыппен қуғындалып, 8 жыл мерзімге еңбекпен түзеу лагеріне айдалған Ә. Құлымбетова, Х. Төлебаева-Жүнісбаева мен Ж. Кенжинаның, ату жазасына кесілген Ш.Шонанованың, жас сәбилерімен 2 жылға жер аударылған Ғ. Қасаболатова мен Т.Г. Кудерина-Насонованың қасіретті тағдырлары жан-жақты талданған. «Халық жауының» отбасын ойрандау, әйел, бала-шағасын қуғындау саяси қуғын-сүргіннің шектен шыққан түрі, сондай-ақ, қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдердің негізгі дені өз заманының оқыған қыз-келіншектері екені негізделген.
Жүктеп алулар
Әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві (ҚР ПА). 352 қ. (Алматы қ.). 1 т. 6071 іс. 6 п.
ҚР ПА. 352 қ. (Алматы қ.). 1 т. 2192 іс. 23-24, 27 п.
ҚР ПА. 352 қ. (Алматы қ.). 1 т. 6091 іс. 33-35 п.
ҚР ПА. 122-Н қ. 1 т. 123 іс. 12 п.
ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 6007 іс. 102 п.
Алашорда ісі. 1920–1940 жж. Құжаттар мен материалдар. Алматы, 2023.
Жанбосинова А. и др. Гендерный аспект политических репрессий (на примере Восточного Казахстана) // Мир большого Алтая, 2018. № 4.
Кудерина Л.Д. Геноцид в Казахстане. М., 1994 // ҚР ПА. 122-Н қ. 1 т. 81 іс. 27 п.
Кукушкина А.Р. Акмолинский лагерь жен изменников Родины: история и судьбы. Караганда, 2008. 248 с.
Сәрсембина Қ. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдер // Ақиқат, 2021. № 7.
Ұзақбай Құлымбетов – қазақ билігінің ақсақалы: ғылыми зерттеулер, естеліктер және ғұмырнамалық хикаят / Құраст: Х. Әбжанов және т.б. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2022. 512 б.
Талқылау
Әзірге пікір жоқ.