Журнал туралы
«Жаңа Архив» журналы – архивтану, құжаттану және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, отан тарихы мәселелері бойынша кешенді зерттеулер мен ғылыми әзірлемелердің нәтижелерін жариялайтын, отандық және шетелдік мамандардың кәсіби қарым-қатынасын қамтамасыз ететін архившілер, құжаттанушылар мен іс жүргізушілеріне арналған кәсіби басылым.
«Жаңа Архив» журналының миссиясы – отандық және шетелдік архивтану мен құжаттанудың дамуына ықпал ету; архив ісі және құжаттану, отан тарихы мәселелері бойынша өзекті мақалаларды, шолуларды жариялау, сондай-ақ аталған бағыттардың өзекті мәселелері шеңберінде ғылыми зерттеулер деңгейін көтеру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Журналдың мақсаты – архив ісі және құжаттану саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сыннан өткізудің заманауи тәсілдеріне, қолжетімді дереккөздер мен архивтік материалдардың мүмкіндігінше кең ауқымына негізделген ғылыми-практикалық зерттеулердің жоғары деңгейін қалыптастыру, оқиғалар, өткен және қазіргі уақыттағы құбылыстар мен процестерді түсіну.
«Жаңа Архив» журналында архив ісі, құжаттану, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, отан тарихы саласындағы ғылыми-тәжірибелік бағыттағы еңбектер, сонымен қатар журналдың негізгі бағыттары бойынша жетекші сарапшылардың шолу мақалалары жарияланады.
Журнал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақалалар жариялайды.
Журнал қазақстандық ҚазҒДИ ғылыми дәйексөздер базасында индекстеледі.
ISSN 2958-6593
Жазылу индексі – 76221
Журнал 2022 ж. 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркелген.
Тіркеу № KZ29VPY00056058.
Басылу мерзімділігі – жылына 4 рет.
Құрылтайшы:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві»
республикалық мемлекеттік мекемесі
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы
010000 Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 15
Тел.: +7 (7172) 57-36-77
Е-mail: office@archive.president.kz
Сайт: archive.president.kz