Жаңа Архив Ғылыми-әдістемелік журнал

ISSN 2958-6593

Тоталитарлық қуғын-сүргін – ұлт қасіреті

Авторлар

  • Гүлшат Рамазанқызы Нұрымбетова Қазақстан Республикасы Президенті Архиві, Қазақстан, Алматы қ., ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу Орталығының басшысы, саяси ғылымдарының докторы, профессор

Кілт сөздер:

саяси қуғын-сүргін, құпия, аса құпия, отбасы, тоталитаризм, еңбекпен түзеу лагері, совет үкіметі, архив құжаттары, қылмыстық-тергеу ісі, халық жауы

Аңдатпа

Мақалада 1930–1950 жж. саяси қуғын-сүргін қасіреті ұзақ жылдар «құпия», «аса құпия» грифімен сақталып, зерттеушілер үшін жабық болған архив материалдарының негізінде зерделенген. Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін қасіретін ашуда сол заманның куәгерлерінің естеліктері де кеңінен пайдаланылған. Автор қуғын-сүргінге зиялы қауым өкілдері, шаруалар, партия қызметкерлері, әскерилер т.б. ұшырағанын айта отырып, қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдер тағдырын зерттеген. Архив құжаттарының негізінде «Отанын сатқан отбасының мүшесі» (ЧСИР) деген айыппен қуғындалып, 8 жыл мерзімге еңбекпен түзеу лагеріне айдалған Ә. Құлымбетова, Х. Төлебаева-Жүнісбаева мен Ж. Кенжинаның, ату жазасына кесілген Ш.Шонанованың, жас сәбилерімен 2 жылға жер аударылған Ғ. Қасаболатова мен Т.Г. Кудерина-Насонованың қасіретті тағдырлары жан-жақты талданған. «Халық жауының» отбасын ойрандау, әйел, бала-шағасын қуғындау саяси қуғын-сүргіннің шектен шыққан түрі, сондай-ақ, қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдердің негізгі дені өз заманының оқыған қыз-келіншектері екені негізделген.

Жүктеп алулар

Жүктеп алу деректері әлі қолжетімсіз.

Әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві (ҚР ПА). 352 қ. (Алматы қ.). 1 т. 6071 іс. 6 п.

ҚР ПА. 352 қ. (Алматы қ.). 1 т. 2192 іс. 23-24, 27 п.

ҚР ПА. 352 қ. (Алматы қ.). 1 т. 6091 іс. 33-35 п.

ҚР ПА. 122-Н қ. 1 т. 123 іс. 12 п.

ҚР ПА. 352 қ. 1 т. (Алматы қ.). 6007 іс. 102 п.

Алашорда ісі. 1920–1940 жж. Құжаттар мен материалдар. Алматы, 2023.

Жанбосинова А. и др. Гендерный аспект политических репрессий (на примере Восточного Казахстана) // Мир большого Алтая, 2018. № 4.

Кудерина Л.Д. Геноцид в Казахстане. М., 1994 // ҚР ПА. 122-Н қ. 1 т. 81 іс. 27 п.

Кукушкина А.Р. Акмолинский лагерь жен изменников Родины: история и судьбы. Караганда, 2008. 248 с.

Сәрсембина Қ. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдер // Ақиқат, 2021. № 7.

Ұзақбай Құлымбетов – қазақ билігінің ақсақалы: ғылыми зерттеулер, естеліктер және ғұмырнамалық хикаят / Құраст: Х. Әбжанов және т.б. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2022. 512 б.

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2025

Журналдың саны

Бөлім

Қорларға шолу

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

1. Нұрымбетова Г. Р. Тоталитарлық қуғын-сүргін – ұлт қасіреті // Жаңа Архив. 2025. Т. 4. № 1. С. 86–94.

Оқырмандар бағасы

Әзірге бағаланбаған — бірінші болыңыз.

Мақаланы бағалаңыз

Тақырыптық сала

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Талқылау

Әзірге пікір жоқ.

Пікір қалдыру

Пошта жарияланбайды, тек редакцияға көрінеді.

Пікірлер редакция тексергеннен кейін жарияланады.