Қазақстан мен Франция серіктестігі: мәдени дипломатия тарихынан
Кілт сөздер:
археография, архивтік құжаттар, Бибігүл Төлегенова, Галина Серебрякова, Қазақстан тарихы, қазақ-француз мәдени-гуманитарлық байланыстары, мәдени дипломатияАңдатпа
Мақала Францияның Ұлттық мұрағатынан табылған, аса көрнекті қазақ әншісі Бибігүл Төлегенованың шығармашылық жолын баяндайтын «La Femme Soviétique» мерзімді басылымындағы (1968 жыл, № 12 және 1971 жыл, № 2) француз тіліндегі екі жарияланымға тарихи-археографиялық талдау жасауға арналған. Зерттеу археография мен кеңес-француз дипломатиялық қатынастары аясындағы қазақ-француз мәдени байланыстары тарихының тоғысында жүргізілді. Мәтіндерге сыни талдау жасау негізінде мәдени дипломатия призмасы арқылы шетелдік французтілді оқырманға Б. Төлегенованың бейнесі қалай жеткізілгені көрсетілген. Бұл жарияланым, сонымен бірге, ХХ ғасырдағы Қазақстанның мәдени өмірінің кейбір қырларын ашатын жеке тектік дереккөздерді археографиялық тұрғыдан өзектендіру болып табылады. Құжаттар Б. Төлегенованың өмірбаяндық мәліметтерімен ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның мәдени дипломатиясының дамуы туралы деректерімен де құнды. Мәтіндерді археографиялық өңдеу француз тілінен қазақ тіліне аударуды, нақты деректерді айқындауды, атап айтқанда, мәтінде есімдері аталған өнер қайраткерлерін сәйкестендіруді және оқиғаларды мәнмәтіндік тұрғыдан саралауды қамтиды. Жарияланым Қазақстанның мәдениет тарихы бойынша деректік базаны кеңейтуге және құжаттық мұра негізінде қазақ-француз мәдени-гуманитарлық байланыстарын зерделеуге бағытталған.
Жүктеп алулар
Әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві (ҚР ПА). 5-Н қ. 1 т. 241 іс. 47-49 п.
ҚР ПА. 708 қ. 62 т. 2 іс. 49-61 п.
Францияның Ұлттық архивтері. 88AS/162, 88AS/263, 88AS/264, 88AS/265.
One Water Summit 2024 – One Water Summit: A Summit for International Cooperation on Water (3 December 2024) // https://www.diplomatie.gouv.fr/en/the-ministry-in-action/contributing-to-sustainable-balanced-globalization/addressing-the-climate-and-environmental-emergency/the-fight-against-climate-change/the-one-planet-movement/one-water-summit-a-summit-for-international-cooperation-on-water-3 (жүгінген күні: 01.09.2026).
Әлімғазинов, Шаяхмет 2025 – Әлімғазинов Қ., Шаяхмет Н. Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Франция Ұлттық архивтері арасындағы ынтымақтастық: қазіргі жағдайы мен болашағы. Жаңа Архив. 2025. Т. 4. № 4. 112-117 б.
Дипломатия Президента Токаева 2025 – Дипломатия Президента Токаева. Монография. Астана: КИСИ при Президенте РК, 2025. 398 с.
Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті 2024 – Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-prezidentin-saltanatty-karsy-alu-rasimi-otti-5101726 (жүгінген күні: 01.09.2026).
Серкебаева 2014 – Серкебаева И. Бибигуль Тулегенова: любить, надеяться и верить. Алматы: «Атамұра», 2014. 248 с.
Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді 2023 – Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді. https://primeminister.kz/news/frantsiya-prezidenti-emmanyuel-makron-kazakstanga-resmi-saparmen-keldi-26111 (жүгінген күні: 01.09.2026).
Archive of the President of the Republic of Kazakhstan (AP RK). F. 5-N, Inv. 1, F. 241, P. 47-49.
AP RK. F. 708, Inv. 1, F. 62, P. 49-61.
Frantsiyanyng Ulttyq arkhivteri (National Archives of France). 88AS/162, 88AS/263, 88AS/264, 88AS/265.
Alimgazinov, Q., Shayakhmet, N. (2025) 'Qazaqstan Respublikasy Prezidentining Arkhivi men Frantsiya Ulttyq arkhivteri arasyndagy yntymaqtastyq: qazirgi zhagdaiy men bolashagy' ['Cooperation between the Archive of the President of the Republic of Kazakhstan and the National Archives of France: Current state and prospects']. Zhana Arkhiv. № 4. Pp. 112–117. (in Kazakh).
Diplomatiya Prezidenta Tokaeva. Monografiya [Diplomacy of President Tokayev: A Monograph]. Astana: KISI pri Prezidente RK, 2025. 398 p. (in Russian).
Frantsiya Prezidenti Emmanyuel' Makron Qazaqstanga resmi saparmen keldi [French President Emmanuel Macron arrived in Kazakhstan on an official visit]. Available at: https://primeminister.kz/news/frantsiya-prezidenti-emmanyuel-makron-kazakstanga-resmi-saparmen-keldi-26111 (аccessed 21.09.2026) (in Kazakh).
One Water Summit: A Summit for International Cooperation on Water (3 December 2024). Available at: https://www.diplomatie.gouv.fr/en/the-ministry-in-action/contributing-to-sustainable-balanced-globalization/addressing-the-climate-and-environmental-emergency/the-fight-against-climate-change/the-one-planet-movement/one-water-summit-a-summit-for-international-cooperation-on-water-3 (аccessed 21.09.2026) (in English).
Qazaqstan Prezidentin saltanatty qarsy alu rasimi otti [An official welcoming ceremony was held for the President of Kazakhstan]. Available at: https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-prezidentin-saltanatty-karsy-alu-rasimi-otti-5101726 (аccessed 21.09.2026) (in Kazakh).
Serkebaeva, I. (2014) Bibigul' Tulegenova: lyubit', nadeyat'sya i verit' [Bibigul Tulegenova: To Love, to Hope, and to Believe]. Almaty: Atamura. 248 p. (in Russian).
Талқылау
Әзірге пікір жоқ.