Жаңа Архив Ғылыми-әдістемелік журнал

ISSN 2958-6593

Авторлық құқық және лицензиялау

«Жаңа Архив» ғылыми-әдістемелік журналының редакциясы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңын және тиісті халықаралық келісімдерді басшылыққа алады.

Журналда жарияланған мақалалардың авторлары өз жұмыстарына авторлық құқықты сақтайды және баспагерге алғашқы жариялау құқығын береді.

Жарияланған материалдар журналдың электрондық нұсқасында Creative Commons Attribution–NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) халықаралық лицензиясының шарттарымен ашық қолжетімділікте таратылады.

Аталған лицензияның шарттарына сәйкес пайдаланушылар жарияланған материалдарды коммерциялық емес мақсатта көшіруге, таратуға, қайта шығаруға және бейімдеуге құқылы. Бұл ретте авторлықты міндетті түрде көрсету, лицензияға сілтеме беру, «Жаңа Архив» журналындағы түпнұсқа жарияланымға дұрыс сілтеме жасау және енгізілген өзгерістерді белгілеу қажет. Материалдарды коммерциялық мақсатта пайдалануға жол берілмейді.

Авторлық зерттеу тұжырымдамасына, қолжазбаны дайындауға, нәтижелерді талдау мен түсіндіруге елеулі ғылыми үлес қосқан тұлғаларға беріледі. Барлық тең авторлар жарияланымның мазмұнына, ұсынылған нәтижелердің дұрыстығына, академиялық адалдық қағидаттары мен жарияланым этикасы нормаларының сақталуына бірлесіп жауап береді.

Авторлар жарияланған мақалаларды институционалдық репозиторийлерде, академиялық желілерде, жеке веб-сайттарда және басқа да ғылыми ресурстарда орналастыруға құқылы. Бұл ретте авторлық туралы мәліметтер сақталуы, «Жаңа Архив» журналындағы алғашқы жарияланым көрсетілуі және түпнұсқа мақалаға сілтеме берілуі тиіс.

Лицензия шарттары: Creative Commons Attribution–NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0)