Кеңестік қауіпсіздік органдары құжаттарындағы Алаш зиялыларын қудалауға қатысты деректер
Кілт сөздер:
зиялы қауым, кеңестік реформалар, қудалау тетіктеріАңдатпа
Мақалада кеңестік қауіпсіздік органдары құжаттарындағы Алаш зиялыларын қудалауға қатысты деректер берілген. Кеңестік арнайы құзырлы орындардың КСРО ыдыраған уақытқа дейін, Алаш зиялыларына қатысты деректер жинақталған архив істерін ерекше бақылауда ұстап, арнайы қадағалап отырғандығы тұжырымдалады. Сонымен қатар, Ішкі істер халық комиссариаты тарапынан жинақталған құжаттарда Алаш зиялыларына қатысты «сараптамалық» деректерде қазақ «контрреволюциялық ұлтшылдығын» төрт кезеңге бөліп қарастырғандығы; әр кезеңнің ерекшелігі, әр кезеңдегі адамдарды жіліктеп зерттегендігі туралы жазылған. 1916–1920 жж. бірінші кезеңде Орынбордың қазақ далалық өлкесінің мәдени, әкімшілік орталығы болғандығы, А. Байтұрсыновтың жалпы редакциясын басқаруымен «Қазақ» газетінің жарияланғандығы, болашақ Алашордашылардың алғашқы екпінді тобы ұйымдасқандығы сарапталып, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ғ. Бірімжанов, Б. Қаралдин, Т. Шонанов және т. б. зиялылардың тізімдері берілген. 1920–1928 жж. қазақ зиялыларын топшылдықпен айыптап, ІІХК құжаттарынада бұрынғы алаш офицерлері туралы көп айтылып, Алашорда жойылмай, 5 жеке фракцияға бөлінді деген тұжырым жасалынады. 1928–1932 жж. алашордашылар кеңестік реформаларға қарсы әрекеттер жасап, халықтық көтерілістерді ұйымдастырды деген қорытынды жасалынады. Ал, 1932– 1938 жж. кеңестік биліктің жауапты қызметтерінде Алашордашылардың ізбасарлары «отырғандығы» айтылып, оларды қудалаудың тетіктері көрсетілген. Одан кейінгі жылдары «жаңа ұлтшылдықтың дүниеге келуін» тұжырымдаған деректер мол.
Жүктеп алулар
Әдебиеттер тізімі
ҚР ҰҚК АМА. 9 қ. 1 тізбе. 305 іс. 21-32; 34-44; 88-109; 109-133; 138-141; 142-154 пп.
ҚР ҰҚК АМА. 9 қ. 1 тізбе. 307 іс.-54 п.
Шоқай, 2007 – М. Шоқай. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. 1 т. Алматы. «Қайнар» баспасы, 2007
ҚR ҰҚK AMA. 9 қ. 1 tіsbe. 305 іc. 21-32; 34-44; 88-109; 109-133; 138-141; 142-154 pp.
ҚR ҰҚK AMA. 9 қ. 1 tіsbe. 307 іc.-54 p.
SHokaj, 2007 – M. SHokaj. Tandamaly shygarmalar. Ush tomdyk. 1 t., Almaty. «Қajnar» baspasy, 2007 (in Kazakh)
Талқылау
Әзірге пікір жоқ.