Еліміздің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация және оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі
Кілт сөздер:
Мемлекеттік егемендік, Декларация, Конституция, демократия, құқықтық мемлекет, тәуелсіздік, ұлттық саясат, құқықтар, Қазақстан тарихыАңдатпа
Мақала 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясына тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы тарихи, құқықтық және саяси маңызы тұрғысынан кешенді талдау жасауға арналған. Зерттеу барысында Декларацияның конституциялық құжат ретіндегі рөлі, егемендік идеясының орнығуына түрткі болған саяси, экономикалық және идеологиялық алғышарттар, сондай-ақ, сол кезеңдегі ұлтаралық қатынастар мен тіл саясаты қарастырылады. Мақалада Декларацияның адам құқықтарын қорғау, демократиялық мемлекет қалыптастыру, билік тармақтарының бөлінісі және халықты ұлттық байлықтың иесі деп тану жөніндегі нормаларына, сонымен қатар олардың қазіргі Конституция мен ұлттық заңнамаға ықпалына ғылыми негізделген талдау жасалған. Декларация Қазақстандағы қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуының іргелі құқықтық және саяси құралы ретінде бағаланады.
Жүктеп алулар
Әдебиеттер тізімі
Асанбаев 1993 – Асанбаев Е.М. Первый шаг к независимости. Казахстанская правда. 1993. 7 октября.
Зиманов 1991 – Зиманов С.З. Союзный договор и суверенитет республики. Алматы, 2003. 390 с.
Декларация 1990 – Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы Декларация // Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 1990 жылғы 25 қазандағы № 307-XII Қаулысы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/B900001700_ (жүгінген күні: 28.10.2025).
Сапаргалиев 1991 – Сапаргалиев Г.С. О концепции Конституции Казахской советской Республики. Алма-Ата, 1991.
Талқылау
Әзірге пікір жоқ.